---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/05/zharkentte-er-adamgha-oq-atty-degen-kuediktiler-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жаркентте ер адамға оқ атты деген күдіктілер ұсталды

![Жаркентте ер адамға оқ атты деген күдіктілер ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/190729190152909e.jpg)

**Жаркентте 39 жастағы ер адамды өлтірді деген күдікпен екі азамат ұсталды, деп хабарлайды ****Qazaqpress Алматы облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.**

> «2021 жылғы 3 қаңтарда Панфилов ауданының полиция бөліміне Жаркент қаласында ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оған оқ атылған. Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы қайтыс болған адамның кім екенін анықтады. Ол жергілікті тұрғын, 39 жастағы азамат М. болып шықты. Қазір қылмыс ашылды. Жаркент қаласының екі тұрғыны күдікті ретінде ұсталды. Ер адамдар танысын жеке мәселесі бойынша өлтіргенін мойындады. Олардың айтқаны мұқият тексеріледі. Екеуі қамауға алынды», — делінген ведомствоның хабарламасында.

Қазір ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі 7-тармағы бойынша тиісті сараптамалар тағайындала отырып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

---

Жарияланды: 2021-01-05T04:34:31+06:00

Жаңартылды: 2021-01-05T04:34:31+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/05/zharkentte-er-adamgha-oq-atty-degen-kuediktiler-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.