---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/05/shqo-da-3-adam-ayazdy-kueni-zholda-qalghan/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ШҚО-да 3 адам аязды күні жолда қалған

![ШҚО-да 3 адам аязды күні жолда қалған](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/210105203641888a3737504i.jpg)

**Шығыс Қазақстан облысында аязда жолда қалған 3 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды****Qazaqpress****ҚазАқпарат****қа сілтеме жасап****.**

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 5 қаңтарда сағат 16.00 шамасында №38 өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары Ұлан ауданында жолда қалған азаматтарға көмек көрсетті. Белгілі болғандай, «Өскемен-Семей» тасжолында келе жатқан «Subaru outback» маркалы көлік бұзылып қалған.

> «Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар үш адамды ең жақын орналасқан Таврия ауылына жеткізді», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, ТЖД тұрғындарға алыс сапарға шыққан кезде Darmen мобильді қосымшасы арқылы жолдардың жай-күйі туралы алдын ала біліп алуға кеңес береді.

---

Жарияланды: 2021-01-05T15:51:40+06:00

Жаңартылды: 2021-01-05T15:51:40+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/05/shqo-da-3-adam-ayazdy-kueni-zholda-qalghan/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.