---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/05/shahtada-koez-zhumghan-kenshilerding-twystary-prezidentten-koemek-surady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Шахтада көз жұмған кеншілердің туыстары Президенттен көмек сұрады

![Шахтада көз жұмған кеншілердің туыстары Президенттен көмек сұрады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/2021010514375855784_2020123115141731823_201018122750128a3707.jpg)

**Ақтөбе облысындағы Хромтау ауданында шахтадағы апатта көз жұмған кеншілердің туыстары Президенттен көмек сұрады****, деп хабарлайды****Qazaqpress****Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.**

Төрт кенші жарылыс жұмыстары кезінде мерт болған.

Мерт болған 4 кеншінің денесін жер қойнына тапсырғанына бүгін екінші күн. Марқұмдардың арасында тау-кен шебері, жару жұмыстарымен айналысатын екі жұмысшы және арнайы көліктің жүргізуші болған.

Апаттың нақты неден болғанын арнайы құрылған комиссия анықтап жатыр. Ал марқұмның туыстары бұл жағдайды Президенттің өзі бақылауына алуын сұрайды. Біз сол шахтада қаза тапқан тау-кен шебері Асхат Кайкановтың шаңырағында болдық. 43 жастағы азамат тәжірибелі маман. 20 жылдан астам еңбек өтілі бар. Апаттан бірер сағат бұрын ол жұбайы Жаннамен телефонмен сөйлесіп, Жаңа жылды бірге қарсы алатындарын айтқан. Марқұмның артында жары, үш баласы қалды.

**Жанна Досаева, марқұмның жұбайы:**

> — Менің талабым – істі жерге тастамай, қараса Президент. Менің күйеуім 30-ы күні осындай қиын іс болды, іс Президентке дейін жетіп, жазаларын алсын!

Қайғылы жағдай Ақтөбе мыс компаниясына тиесілі «Весенняя Аралчинская» шахтасында болған. «Төрт азамат жарылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде газдан улануы мүмкін» деген болжам айтылуда.

Шахтада қаза тапқан тағы бір марқұмның туысы компания басшылығының болған жайтқа жауап беруін талап етіп отыр. Оның айтуынша, жарылыс жұмыстары жүргізілген сәтте шеберден басқа басшылық орнында болмаған. Әрі апат туралы туыстарына дер кезінде хабарланбады дейді. Сол сәтте шахтада болған 1 азамат аман қалды. Ол дәрігердердің бақылауында.

**Марғұлан Аманбаев, облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысы:**

> — 5 сағат 30-минутта қайтыс болған 4 адамның мәйітін жер бетіне алып шығарылды. Шахтаның тереңдігі — 1,5 км, горизантально -75 м жерде адамдардың өліктері болған. Соны 5-30-да алып шықты.

Ресми ақпарат алу үшін біз компания басшылығыга хабарластық. Алайда, ешкім жауап бермеді. Ал облыстық әкімдік ертең брифинг өтетінін мәлімдеді. Бұл жағдай бақылауымызда болады.

---

Жарияланды: 2021-01-05T15:58:02+06:00

Жаңартылды: 2021-01-05T16:01:51+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/05/shahtada-koez-zhumghan-kenshilerding-twystary-prezidentten-koemek-surady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.