---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/05/semej-koronavirws-bojynsha-sary-ajmaqqa-kirdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Семей коронавирус бойынша «сары» аймаққа кірді

![Семей коронавирус бойынша «сары» аймаққа кірді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/1587242791.jpg)

**Семей коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймаққа кірді****, деп хабарлайды****Qazaqpress****қалалық әкімдіктің Instagram парақшасына сілтеме жасап.**

Семей қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің хабарлауынша, халықтың 100 мың тұрғынына шаққандағы апта сайынғы сырқаттанушылық және репродуктивті инфекцияның жиынтық индикаторын ескере отырып, Семей Шығыс Қазақстанның эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес Covid-19 таралуы бойынша «сары» аймаққа кірді.

> «Осы себепті барлық қауіпсіздік шарасын сақтауларыңызды сұраймыз. Гигиена сақтап, маска тағып, қажеттілік болмаса адам көп жиналған жерлерге бармаңыздар», — деп жазды әкімдіктегілер.

---

Жарияланды: 2021-01-05T05:14:13+06:00

Жаңартылды: 2021-01-05T05:14:13+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/05/semej-koronavirws-bojynsha-sary-ajmaqqa-kirdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.