---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/05/aqtoebede-garazh-ben-koelik-oertendi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ақтөбеде гараж бен көлік өртенді

![Ақтөбеде гараж бен көлік өртенді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/210104233219965a3737102i.jpg)

**Ақтөбеде гараж жанып, ішінде тұрған көлік те өртеніп кетті, деп хабарлайды****Qazaqpress****ҚазАқпарат****қа сілтеме жасап.**

Ақтөбе қалалық өрт сөндіру бөліміне бүгін сағат 18:50-де жер үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Жеке құрам оқиға орнына барған кезде үй емес, гараждың жанып жатқанын көріп, бірден өртті сөндіруге кірісті.

> «Гараждағы BMW маркалы автокөлік жанып кетті. Өрт сөндіру кезінде құтқарушылар жанып жатқан гараждан 3 газ баллонын шығарды. Арада бір сағатқа жуық уақыт өткенде өрт толық сөндірілді. Зардап шеккен адам жоқ», — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

---

Жарияланды: 2021-01-05T08:39:58+06:00

Жаңартылды: 2021-01-05T08:39:58+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/05/aqtoebede-garazh-ben-koelik-oertendi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.