---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/04/azhar-ghiniyat-sajlaw-onlajn-oetpejdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ажар Ғиният: «Сайлау онлайн өтпейді»

![Ажар Ғиният: «Сайлау онлайн өтпейді»](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/ca-portal.ru_.jpg)

**Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингіде ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният сайлаудың онлайн өтуі Конституциялық заңға қайшы келетінін айтты, деп хабарлайды** **Qazaqpress****ҚазАқпарат****қа сілтеме жасап.**

> «Сайлау онлайн өтпейді. Еліміздің Конституциялық заңына сәйкес, әр азамат өзінің сайлау учаскесіне барып, өзінің жеке куәлігін көрсетіп, дауыс беруі керек. Министрлік пен медициналық қызметкерлер барлық қауіпсіздік жағын қамтамасыз етуіміз керек. Сондықтан сайлау учаскелерінің кіре берісінде байланыссыз термометрия және сайлаушылар үшін қозғалыс бағыты бойынша қашықтық белгілерінің көрсеткіші болуы керек», — дейді ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.
> 
> 
> 
> 
> «Қолды дезинфекциялауға арналған санитайзер болуы керек. Жиһаз бен техникалық жабдықтар бір-бірін 1,5-2 метр қашықтықта орналасуы керек. Учаскеге келген сайлаушының бәрі медициналық маскамен келуі тиіс және оқшаулау режимін белгілеп, арақашықтықты сақтаулары қажет», — дейді ол.

** **

** **

** **

---

Жарияланды: 2021-01-04T03:38:11+06:00

Жаңартылды: 2021-01-04T03:38:11+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саяхат](https://qazaqpress.kz/category/sayahat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/04/azhar-ghiniyat-sajlaw-onlajn-oetpejdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.