Алматы облысында жол жабылды

Алматы облысында жол жабылды

Алматы облысында ауа-райының қолайсыздығына байланысты жол жабылды, деп хабарлайды Qazaqpress аймақтың ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

««ҚазАвтоЖол» және «Қазақавтожолдың» Алматы облысындағы филиалдарының 2021 жылдың 4 қаңтарында сағат 10.30-да берген хабарламасына сәйкес, қатты боран болып, жолда ештеңе көрінбеуіне байланысты Үшарал — Достық (Көктума ауылы — Достық станциясы, 84-184-ші шақырым) республикалық маңызы бар автожолда көліктің барлық түріне қозғалыс шектелген», — делінген хабарламада.

Алматы облысы ТЖД азаматтарға ұзақ жолға шықпай тұруды өтінді. Қандай да бір жағдай болса 112 нөміріне қоңырау шалуды сұрады.