---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/03/shqo-da-shektew-sharalary-18-qangtargha-dejin-uzartyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ШҚО-да шектеу шаралары 18 қаңтарға дейін ұзартылды

![ШҚО-да шектеу шаралары 18 қаңтарға дейін ұзартылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/1590741554biy8x_1000x768.jpg)

**Шығыс Қазақстан облысында карантиндік шектеулер 18 қаңтарға дейін ұзартылды, деп хабарлайды****Qazaqpress****ҚазАқпарат****қа сілтеме жасап.**

ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері міндетін атқарушының жаңа қаулысы жарияланды. Онда өңірдегі карантиндік шектеулер 18 қаңтарға дейін қайта созылатындығы көрсетілген. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

> «2021 жылдың 6 қаңтарынан бастап облыс аумағында жолаушылар тасымалдайтын автобустар мен шағын автобустар қайта қатынай бастайды. Сондай-ақ 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап 300 оқушысы бар қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта білім беруге рұқсат етіледі. Әр сыныпта 15 оқушыдан аспау керек», — делінген құжатта.

Жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5 сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін кезекші сыныптар оқиды. Ал 9, 11 (12) сыныптар аптаның 6 күнінде пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтан оқиды.

Бұдан бөлек, қаулыда екінші семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері штаттық режимде оқитындығы жазылған.

---

Жарияланды: 2021-01-03T15:55:36+06:00

Жаңартылды: 2021-01-03T15:55:36+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/03/shqo-da-shektew-sharalary-18-qangtargha-dejin-uzartyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.