---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/03/qazaqstanda-mikroqarzhylyq-qyzmetti-licenziyalaw-engizildi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстанда микроқаржылық қызметті лицензиялау енгізілді

![Қазақстанда микроқаржылық қызметті лицензиялау енгізілді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/210103093655794e.png)

**Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде микроқаржылық қызметті лицензиялау енгізілді, деп хабарлайды****Qazaqpress****ҚазАқпарат****қа сілтеме жасап****.**

Заңнамалық актілерге тиісті түзетулерге Қазақстан Республикасының Президенті осы жылғы 3 шілдеде қол қойды. Лицензиялауды енгізу микроқаржылық қызмет субъектілерін қаржы ұйымдарына жатқызуға және тұтынушылардың құқықтарын қорғау қағидаттарына сәйкес келетін қаржылық көрсетілетін қызметтер мен қаржы нарығының бірыңғай заңнамалық анықтамасын құруға мүмкіндік береді. Осылайша, банктерге және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты қарыздар беруге қатысты реттеу мен қадағалауға қойылатын бірыңғай талаптар белгіленді.

Айта кетерлігі, өткен жылдың наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша микрокредиттеу субъектілеріне қатысты қатаң біліктілік талаптары белгіленді. Олардың аясында ломбардтардың, кредиттік серіктестіктердің басшы қызметкерлері мен қатысушыларына қойылатын талаптар күшейтілді. Микрокредиттеу субъектілерін есептік тіркеуге алу жеделдетілді. Жарғылық капиталдың ең төмен мөлшеріне, ломбардтардың қызметін ұйымдастыруға, олардың үйжайларының қауіпсіздігі мен техникалық нығайтылуына қойылатын талаптар арттырылды.

---

Жарияланды: 2021-01-03T04:56:25+06:00

Жаңартылды: 2021-01-03T04:56:25+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Экономика](https://qazaqpress.kz/category/ekonomika/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/03/qazaqstanda-mikroqarzhylyq-qyzmetti-licenziyalaw-engizildi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.