---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/03/qazaqstanda-koronavirwsqa-qarsy-pfizer-vakcinasy-qashan-pajda-bolwy-muemkin-ekeni-ajtyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстанда коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы қашан пайда болуы мүмкін екені айтылды

![Қазақстанда коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы қашан пайда болуы мүмкін екені айтылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/photo_76465.jpeg)

**Қазақстанда коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасы 2021 жылдың екінші жартыжылдығынан бұрын пайда болмайды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

> — Жаңа жыл қарсаңында Pfizer компаниясымен соңғы келіссөздер жүргізілді. Біз бұл вакциналарды жеткізу мүмкіндігін талқыладық. Бізде құпиялылық туралы келісімге қол қойылды, яғни біз жария ете алмайтын ақпараттар бар. Бұл ішкі регламенттерге қатысты. Бірақ, жалпы алғанда, бұл вакцина Қазақстанда екінші жарты жылдықтан бұрын пайда болмайды деген болжам айтылды.
> 
> 
> 
> 
> Біз әріптестерімізге осы вакцинаны ҚР аумағында тіркеу және рәсімдеу үшін құжаттарды енгізуді ұсындық. Бұл вакцинаны біз Қазақстанда алуымыз үшін, жұмысты тездетуді сұрадық. Алайда әзірге бізге 2021 жылдың екінші жартыжылдығынан ерте емес мерзімдер мәлімделді, — деді Цой  ОКҚ брифингінде.

---

Жарияланды: 2021-01-03T09:16:05+06:00

Жаңартылды: 2021-01-03T09:16:05+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/03/qazaqstanda-koronavirwsqa-qarsy-pfizer-vakcinasy-qashan-pajda-bolwy-muemkin-ekeni-ajtyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.