---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/02/qyzylordalyq-stwdent-ghalam-arwyna-qatysady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қызылордалық студент «Ғалам аруына» қатысады

![Қызылордалық студент «Ғалам аруына» қатысады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/photo_76430.jpeg)

**Қызылордалық Камилла Серікбай сәуірге жоспарланған «Ғалам аруы» халықаралық сұлулық байқауында Қазақстан намысын қорғайды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. **

«Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауы бұған дейін Нұр-Сұлтандағы дәстүрлі шоуды 2021 жылға ауыстыруды шешкен. Коронавирус пандемиясының осы қиын кезеңінде жарысты ұйымдастырушылар мен қатысушылардың барлық назары қайырымдылық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға бағытталды.

Осындай күрделі кезеңде «Қызылорда аруы – 2019» — 18 жастағы Камилла Серікбай өзінің батылдығымен және басқаларға көмектесу ниетімен ерекшеленді. Сондықтан «Қазақстан аруы» байқауының дирекциясы оны «Ғалам аруы-2021» байқауына жіберуді жөн деп шешті. «Біз оның елімізді халықаралық «Ғалам аруы» байқауында лайық түрде көрсететініне сенімдіміз», — деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Камилла Серікбай 2019 жылы «Қызылорда аруы» атағын жеңіп алған. Сүлеймен Демирел атындағы университетте «Қолданбалы құқық» мамандығы бойынша оқиды. Бала кезінен каратэмен айналысады, спорт шебері. Ол БҰҰ-ның ізгі ниет елшісі болуды армандайды.

«Ғалам аруы» (Miss Universe) — бұл жыл сайынғы халықаралық сұлулық байқауы. Әлемдегі ең беделді сұлулық байқауларының бірі саналатын ол «Әлем аруы», «Халықаралық ару» және «Жер аруы» байқауларымен қатар «Үлкен төрттікке» енеді. 1996 жылдан 2015 жылға дейін Дональд Трампқа тиесілі болған. Кейін байқауды голливудтық импресарио Ари Эмануэльге сатқан.

2019 жылдың 8 желтоқсанынан бастап «Ғалам аруы» атағы ОАР өкілі Зозибини Тунзиде.

---

Жарияланды: 2021-01-02T04:48:22+06:00

Жаңартылды: 2021-01-02T04:48:22+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/02/qyzylordalyq-stwdent-ghalam-arwyna-qatysady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.