---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/02/qazaqstan-oelim-zhazasynan-resmi-tuerde-bas-tartty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстан өлім жазасынан ресми түрде бас тартты

![Қазақстан өлім жазасынан ресми түрде бас тартты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/glavnaya_rian_2732747.hr_.ru_.jpg)

**Қазақстан өлім жазасынан ресми түрде бас тартты, деп хабарлайды Qazaqpress Ақордаға сілтеме жасап.**

Мемлекет басшысы тиісті заңға қол қойды.

> — Мемлекет басшысы **«**Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Екінші Факультативтік Хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — делінген хабарламада.

2003 жылы Қазақстанда өлім жазасына мораторий енгізілді, бірақ содан бері елде ондай бірде-бір оқиға тіркелмеді.

> «Қазақстан өлім жазасынан бас тартуға ықпал ететін халықаралық пактіге қосылды. Ауыр жазадан бас тарту — құқықтық қоғам, гуманистік қағидаттарға негізделген мемлекет құру жолындағы маңызды қадам екені сөзсіз», — деді Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Халықаралық хаттамаға сәйкес Қазақстанда өлім жазасы жойылғаннан кейін оны соғыс уақытында қолдану құқығы қалады.

---

Жарияланды: 2021-01-02T16:37:46+06:00

Жаңартылды: 2021-01-02T16:37:46+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/02/qazaqstan-oelim-zhazasynan-resmi-tuerde-bas-tartty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.