---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/01/zejnetaqy-7-pajyzgha-oesti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Зейнетақы 7 пайызға өсті

![Зейнетақы 7 пайызға өсті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/201231195459618a3736185i.jpg)

**Бүгіннен бастап елімізде айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 2917 теңге мөлшерінде белгіленді****, деп хабарлайды****Qazaqpress****ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Соған орай зейнетақы, жәрдемақы, өзге де әлеуметтік төлемдер, салықтар мен айыппұлдар мөлшері өзгерді.

Атап айтқанда, 2021 жылдың 1 қаңтарынан:

— жалақының ең төменгі мөлшері 42 500 теңге;

— мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері — 18 524 теңге;

— зейнетақының ең төменгі мөлшері — 43 272 теңге болады.

Ал жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш — 2917 теңге мөлшерінде белгіленеді. Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы — 34 302 теңге болып бекітіледі.

Жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат 1 қаңтардан бастап 7 пайызға көтеріледі.

---

Жарияланды: 2021-01-01T07:02:57+06:00

Жаңартылды: 2021-01-01T07:02:57+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/01/zejnetaqy-7-pajyzgha-oesti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.