---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/01/saryaghashta-pirotehnikany-zangsyz-satqan-duekender-anyqtaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Сарыағашта пиротехниканы заңсыз сатқан дүкендер анықталды

![Сарыағашта пиротехниканы заңсыз сатқан дүкендер анықталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/210101150639845e.jpg)

**Түркістан облысында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды****Qazaqpress****ҚазАқпарат****қа сілтеме жасап.**

Сарыағаш АПБ-нің қызметкерлері кезекті рейд жүргізу барысында екі бірдей дүкен сатушысы заңсыз отшашу құралдарын сатып жатқанын анықтады. Тәртіп сақшылары аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 196-бабы «Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi иемдену немесе өткізу» бойынша хаттама толтырылып, тауар толығымен өндіріліп алынды.

Сонымен қатар, сауда орындарының сатушыларына карантин талаптары мен пиротехникалық заттарды қолданудың қауіпсіздік ережелері, пиротехникалық бұйымдарды сатуда арнайы лицензияның болуы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондықтан Түркістан облысының полицейлері тұрғындар назарына, пиротехниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау міндетті екенін ескертеді. Себебі от шашу кезінде адамдардың денсаулығына қауіп төнуі әбден мүмкін.

---

Жарияланды: 2021-01-01T14:50:33+06:00

Жаңартылды: 2021-01-01T14:50:33+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/01/saryaghashta-pirotehnikany-zangsyz-satqan-duekender-anyqtaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.