---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/01/karateden-qazaqstan-ulttyq-quramasynyng-bas-bapkeri-qajtys-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Каратэден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қайтыс болды

![Каратэден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қайтыс болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/photo_76425.jpeg)

**Каратэден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Жасталап Санауов қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Танымал спортшы әрі жаттықтырушының қазасы туралы Ерлан Карин айтты.

> — Жасталап Санауов қазақстандық каратэ қозғалысының негізін қалаушылардың бірі болды. Ол көптеген жыл бойы Қазақстан каратэ-до федерациясын басқарды, каратэ бойынша әлемге әйгілі Jk Fan журналының республикалық нұсқасын шығарды. Оның арқасында Қазақстанда беделді халықаралық турнирлер өткізілді. Ол халықаралық каратэ қоғамдастығында құрметке ие болды. Дүниежүзілік каратэ-до федерациясының атқарушы комитетіне сайланған ТМД елдерінен шыққан алғашқы және жалғыз өкіл, — деп жазды Карин Facebook желісіндегі парақшасында.

Жасталап Санауов 1966 жылы 26 мамырда Алматыда дүниеге келген. Халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебін бітірген. ҚазПТИ-де оқыған.

Ол бала кезінен спортты жақсы көретін. Каратэ-додан бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, үш дүркін КСРО чемпионы, Азия чемпионатының жүлдегері, Еуропа және әлем чемпионы.

1986 жылдан бастап жаттықтырушылықпен айналысты, көптеген халықаралық спорт шеберін және әлем чемпиондарын дайындады.

---

Жарияланды: 2021-01-01T10:25:22+06:00

Жаңартылды: 2021-01-01T10:35:03+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/01/karateden-qazaqstan-ulttyq-quramasynyng-bas-bapkeri-qajtys-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.