---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/31/aqtoebe-oblysynda-shahtada-toert-adam-qajtys-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ақтөбе облысында шахтада төрт адам қайтыс болды

![Ақтөбе облысында шахтада төрт адам қайтыс болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/2020123110053663427_2020123101180431024_dzhusinskij-rudnik.jpg)

**Ақтөбе облысы Хромтау ауданында шахтада төрт жұмысшы опат болды**, **деп хабарлайды****Qazaqpress****.**

> «30 желтоқсан күні сағат 21:21-де Хромтау аудандық өрт сөндіру бөлімінің пультіне Көктау кентінен 30 шақырым жерде орналасқан «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС-нің «Весенняя Аралчинская» шахтасында жарылыс жұмыстары жүргізілгені, сол кезде төрт жұмысшының қаза болғаны туралы хабарлама келіп түсті», — деп хабарлайды КТК телеарнасы.
> 
> 
> 
> 
> «Оқиға орнын барлау кезінде 4 жұмысшының қаза тапқаны және бір адамның зардап шеккені анықталды. Қазіргі уақытта зардап шеккен жұмысшыны медицина қызметкерлері тексеріп жатыр. Оқиғаның себебі анықталуда. Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің тапсырмасы бойынша оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің орынбасары С.Бекбергенов және ТЖД қызметкерлері шықты», — деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

---

Жарияланды: 2020-12-31T05:27:41+06:00

Жаңартылды: 2020-12-31T05:27:41+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/31/aqtoebe-oblysynda-shahtada-toert-adam-qajtys-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.