---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/31/almatyda-basyna-muz-tuesip-mert-bolghan-aejelding-oelimi-pik-toeraghasy-sottaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда басына мұз түсіп мерт болған әйелдің өлімі: ПИК төрағасы сотталды

![Алматыда басына мұз түсіп мерт болған әйелдің өлімі: ПИК төрағасы сотталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/photo_76392.png)

**Алматы орталығында басына мұз түсіп, қайтыс болған әйелдің өлімі туралы іс бойынша күдікті пәтер иелерінің кооперативі төрағасына қатысты сот үкімі шықты****, деп хабарлайды****Qazaqpress Tengrinews.kz****-ке сілтеме жасап.**

Ер адам өз міндеттерін орындамады деп айыпталды.

> «К.Қарыбаевты Қылмыстық кодекстің 254-бабы бойынша кінәлі деп танылсын және қауіпсіздігі барынша төмен атқарушы жүйе мекемесінде екі жыл және алты ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Сот залында қамауға алынсын», — деді судья Арай Нұғыманова.

Іс бойынша сот отырысы онлайн өтті.

Еске салайық, 2018 жылдың қарашасында алматылық әйелдің басына мұз түсіп мерт болғаны хабарланған еді. Оқиға 20 қарашада сағат 12.52-де болған. Марков көшесі, №75 мекенжайындағы 9 қабатты («AdalResidence») тұрғын үйдің төбесінен мұз түскен болатын.

---

Жарияланды: 2020-12-31T09:47:26+06:00

Жаңартылды: 2020-12-31T09:47:26+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/31/almatyda-basyna-muz-tuesip-mert-bolghan-aejelding-oelimi-pik-toeraghasy-sottaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.