---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/30/toqaev-parlament-senatynyng-toeraghasy-maewlen-aeshimbaevty-qabyldady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

![Тоқаев Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/07d5b6bceb2bada904ca7e5e50afa12d.jpg)

**Президент Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады, деп хабарлайды Qazaqpress  Ақордаға сілтеме жасап.**

Мемлекет басшысына Жоғарғы Палатаның биылғы заң шығару қызметінің негізгі қорытындылары туралы ақпарат берілді.

Сенат Спикері Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған мәселелерді іске асыруды қамтасыз етуге бағытталған заңдардың қабылданғанына тоқталды. Атап айтқанда, жаңа «Экологиялық кодекс», «Техникалық реттеу туралы туралы» заң, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауының жекелеген ережелерін іске асыру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданған. Мәулен Әшімбаев аталған құжаттардың барлығы еліміздің әлеумет-экономикалық дамуын, халқымыздың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта елімізде саяси жаңғырту және экономикалық даму бағдарламаларының жалғасатынын, басқа салалар бойынша да ауқымды жұмыстардың атқарылатынын айтып, Сенатқа аталған бағыттарды заңмен қамтамасыз етуді тапсырды.

---

Жарияланды: 2020-12-30T07:26:33+06:00

Жаңартылды: 2020-12-30T07:26:33+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/30/toqaev-parlament-senatynyng-toeraghasy-maewlen-aeshimbaevty-qabyldady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.