---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/30/qazaqstandyqtar-koelik-salyghyn-qashan-toelew-keregi-ajtyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстандықтар көлік салығын қашан төлеу керегі айтылды

![Қазақстандықтар көлік салығын қашан төлеу керегі айтылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/5ef31b06511d0524807311.jpg)

**Қазақстандықтар көлік салығын 2021 жылдың 1 сәуіріне дейін төлеуі керек, деп хабарлайды****Qazaqpress Tengrinews.kz****-ке сілтеме жасап. **

Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіндегілер айтты.

> «Көлік салығын төлеу есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне ауыстырылған соң көлікке салынатын салық мөлшерін ұлғайтуға қатысты азаматтардан өтініштер түсіп жатыр.
> 
> 
> 
> 
> Салық төлеуші 2020 жылға арналған салық міндеттемелерін 2021 жылдың 1 сәуіріне дейін орындауы керек.
> 
> 
> 
> 
> Көлік салығының сомасы 2020 жылғы 1 қаңтарындағы айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады», — делінген комитеттің хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, жоғарыда көрсетілген мерзімде АЕК мөлшері 2 651 теңге болады. Салық осы көрсеткіштен есептеледі.

> «2021 жыл үшін көлік салығын 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін төлеген кезде 2021 жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын АЕК қолданылады», — деді комитеттегілер.

Еске салайық, мүлік пен жер салығын төлеу мерзімі өзгермейді, салықтардың осы түрлері бойынша міндеттемелер есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қазанына дейін төлеу керек.

Сонымен қатар, 2021 жылдан бастап салық төлеушілер жоғарыда көрсетілген салықтарды жаңа формада — біріктірілген бюджеттік жіктеу коды арқылы төлейтіні айтылады.

---

Жарияланды: 2020-12-30T15:32:50+06:00

Жаңартылды: 2020-12-30T15:32:50+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/30/qazaqstandyqtar-koelik-salyghyn-qashan-toelew-keregi-ajtyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.