---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/30/pavlodarda-balasyn-ayazda-ayaldamada-qaldyrghan-anagha-qatysty-sot-uekimi-shyqty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Павлодарда баласын аязда аялдамада қалдырған анаға қатысты сот үкімі шықты

![Павлодарда баласын аязда аялдамада қалдырған анаға қатысты сот үкімі шықты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/photo_76365.png)

**Павлодарда баласын аязда аялдамаға қалдырып кеткен анаға қатысты  

сот үкімі шықты, деп хабарлайды****Qazaqpress Pavlodarnews.kz****-ке сілтеме жасап. **

Осы уақытқа дейін әйелдің бір жарым жасар ұлы ағасымен бірге Екібастұздағы әжесінің үйінде тұрған.

Бүгін қаладағы №2 сотта 33 жастағы әйелдің ісі қаралды. Ол 26 қарашада баласын Павлодар автовокзалының жанындағы трамвай аялдамасына қалдырып кетіп қалған.

> «Әйел соңғы жылдары Таразда тұрған. Ол Семейден Павлодарға такси жалдап келген. Полиция мен еріктілер күдіктіні 2 сағат іздеп, оны ұстаған. Кейін әйелге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — деп жазады басылым.

Тексеріс барысында әйелдің тұрмысқа шықпағаны және оның бір жарым жасар ұлынан бөлек Екібастұздағы 57 жастағы әжесінің бір бөлмелі пәтерде тұратын 9 жастағы баласы бар екені анықталған. Күдікті кенже ұлын қалдырып кетуді алдын ала жоспарлаған.

> «Сот қаулысымен Ж. есімді әйел қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Өйткені ол жәбірленушінің заңды өкілімен татуласты. Моральдық және мүліктік шығын болған жоқ. Әйел кінәсін толық мойындады», — дейді Павлодар №2 сотының судьясы Думан Серікбаев.

Сонымен қатар, 2020 жылдың 25 желтоқсанында Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық №2 сотында Ж. есімді әйел ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 127-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған еді.

Осыған байланысты отбасы қорғаншылық және қамқоршылық органына есепке қойылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

---

Жарияланды: 2020-12-30T13:52:58+06:00

Жаңартылды: 2020-12-30T13:52:58+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/30/pavlodarda-balasyn-ayazda-ayaldamada-qaldyrghan-anagha-qatysty-sot-uekimi-shyqty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.