---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/30/iim-qazaqstandyqtargha-uendew-zhasady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады

![ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/ae7da7b69fc030bebc5f91d71ca26ee8.jpeg)

**Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Qazaqpress ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.**

Министрлік мәліметінше, ведомство басшысы Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығына сәйкес, алдағы мерекелер қарсаңында Қазақстанның ішкі істер органдарының жеке құрамы күшейтілген қызмет түріне ауыстырылады.

> — Полиция құқықтық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету, сондай-ақ құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша іс-шаралар кешенін жүргізеді.
> 
> 
> 
> 
> Құқықбұзушылықтар туралы хабарламаларға жедел ден қою үшін мереке күндері полиция автопатрульдерінің, көшелердегі полиция жаяу нарядтарының саны артады. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдануда. Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін сертификатталмаған пиротехникалық өнімді сатуға жол бермеу мақсатында тексерулер жүргізіледі. Оларды пайдалану кезінде сақтық шараларын қатаң сақтау қажет, — делінген хабарламада.

---

Жарияланды: 2020-12-30T13:11:08+06:00

Жаңартылды: 2020-12-30T13:11:58+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/30/iim-qazaqstandyqtargha-uendew-zhasady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.