---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/29/tuerkistan-oblysynda-qarwlanghan-er-adam-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Түркістан облысында қаруланған ер адам ұсталды

![Түркістан облысында қаруланған ер адам ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/dizajn-bez-nazvaniya-kopiya-kopiya-kopiya-2019-11-14t211509.097.png)

**Қазығұрт ауданында қаруланған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz-ке сілтеме жасап.**

Кешкі 21:40 шамасында Қазығұрт аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне белгісіз ер адам қару ұстап көшеде жүргені туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына криминалдық полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы дереу аттанды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция күдіктіні моншалардың бірінің жанында ұстады.

> «Lada көлігін тінту барысында жедел уәкілдер жолаушыға тиесілі аңшы қаруы мен оқтарды тәркіледі. Полиция қызметкерлері күдікті бұрын сотталған жергілікті тұрғын екенін анықтады. Ол ұсталды», — делінген хабарламада.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы («Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») бойынша тіркелді. Іс сотқа жіберілді.

---

Жарияланды: 2020-12-29T07:40:45+06:00

Жаңартылды: 2020-12-29T07:40:45+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/29/tuerkistan-oblysynda-qarwlanghan-er-adam-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.