---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/29/qazaqstannyng-tungghysh-prezidenti-ulttyq-bank-toeraghasy-erbolat-dosaevty-qabyldady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады

![Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/201228181605089a3735042i.jpg)

**Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Qazaqpress Elbasy.kz-ке сілтеме жасап.**

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі болжам, сондай-ақ пандемия кезіндегі әлем нарығындағы экономикалық ахуалға жасалған шолу таныстырылды.

Елбасыға қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары және экономикалық өсімді қалпына келтірудің кешенді жоспарын жүзеге асыру туралы ақпарат берілді.

Ұлттық банк төрағасы Қазақстанның халықаралық резервтерінің жағдайын, Ұлттық қор мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры активтерін басқару жұмыстарының алдын-ала нәтижелерін баяндады.

---

Жарияланды: 2020-12-29T06:30:18+06:00

Жаңартылды: 2020-12-29T06:30:18+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Экономика](https://qazaqpress.kz/category/ekonomika/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/29/qazaqstannyng-tungghysh-prezidenti-ulttyq-bank-toeraghasy-erbolat-dosaevty-qabyldady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.