Елбасы Ермекбаевқа бірқатар нақты тапсырмалар берді

Елбасы Ермекбаевқа бірқатар нақты тапсырмалар берді

ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлайды Qazaqpress Elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қарулы күштердің жауынгерлік және жедел дайындығы нәтижелері, сондай-ақ оны жетілдіру бағытында қабылданған шаралар туралы баяндалды.

Сонымен бірге қорғаныс министрі әскери медицинаның дамуы және Қарулы Күштердің COVID-19 пандемиясына қарсы іс-шараларға атсалысқаны жөнінде айтып берді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.