---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/28/zhaqsylyq-dosqaliev-koronavirws-uesh-infekciyanyng-qosyndysy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жақсылық Досқалиев: «Коронавирус &#8212; үш инфекцияның қосындысы»

![Жақсылық Досқалиев: «Коронавирус &#8212; үш инфекцияның қосындысы»](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/doskaliev_reswm.jpg)

**Коронавирус — үш инфекцияның қосындысы****, деп хабарлайды****Qazaqpress** **ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Мұндай пікірді М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жақсылық Досқалиев білдірді.

> «Коронавирус — 3 бірдей инфекцияның қосындысы. Біріншіден, вирус қанды ұйытады. Әсіресе, жіңішке, капилляр тамырлардағы қан ұйып, тромбоз (қан айналымының баяулауы) пайда болады. Адам малярия ауруына шалдыққанда оның денсаулығында дәл осындай симптомдар байқалады.
> 
> 
> 
> 
> Екіншіден, бұл АИТВ (адамның иммунтапшылығы вирусы) ауруы сияқты адамның иммундық жүйесін бұзады. Індет ағзадағы инфекцияға қарсы тұратын Т және Б лимфоциттерді жойып жібереді.
> 
> 
> 
> 
> Үшіншіден, тұмау сияқты адамның тыныс жолдарын, өкпесін зақымдайды. Ал өкпе – ашық орган және ол сыртқы ауамен тікелей байланысты. Сондықтан коронавирустың ең алғашқы зиян келтіретін нысанасы – өкпе. Кейін бауыр, бүйрек, жүректің жұмысын нашарлатады. Өкпе істен шыққаннан соң, адам ағзасында оттегі жетіспеушілігі пайда болады. Ал оттегіне өте тәуелді орган – адамның миы. Организмде 15 минут оттегі болмаса, ми қайта тірілмейді», — деді Жақсылық Ақмырзаұлы.

---

Жарияланды: 2020-12-28T04:37:11+06:00

Жаңартылды: 2020-12-28T04:37:11+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/28/zhaqsylyq-dosqaliev-koronavirws-uesh-infekciyanyng-qosyndysy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.