---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/27/shyghys-qazaqstanda-3-koelik-oertendi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Шығыс Қазақстанда 3 көлік өртенді

![Шығыс Қазақстанда 3 көлік өртенді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/201227135347275a3734642i.jpg)

**Өскемен, Семей қалаларында және Бородулиха ауданында көлік өртенген, деп хабарлайды****Qazaqpress****ҚазАқпарат****қа сілтеме жасап****.**

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 27 желтоқсанда Семейдегі Аэропортовский көшесінде орналасқан жер үйдің ауласында «Daewoo Matiz» көлігінің қозғалтқышы өртенген.

> «Сондай-ақ, өрт сөндірушілер Өскемендегі Менделеев көшесінде 1992 жылғы «Mazda 626» автокөлігін шарпыған, жалпы ауданы 3 шаршы метрді құраған тілсіз жауды ауыздықтады. Бұдан бөлек, Бородулиха ауылындағы «Volkswagen Multivan» көлігіндегі өрт сөндірілген. Көлік қозғалтқышында шыққан қызыл жалынның аумағы 2 шарты метрге жетті», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Үш оқиғада да өрттің шығу себебі қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс атқарудан болуы мүмкін.

---

Жарияланды: 2020-12-27T08:00:56+06:00

Жаңартылды: 2020-12-27T08:00:56+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/27/shyghys-qazaqstanda-3-koelik-oertendi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.