---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/27/nur-sultanda-aldanyp-qalghan-600-ge-tarta-uelesker-baspanaly-bolady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Нұр-Сұлтанда алданып қалған 600-ге тарта үлескер баспаналы болады

![Нұр-Сұлтанда алданып қалған 600-ге тарта үлескер баспаналы болады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/2012271443158417g.jpg)

**Жаңа жыл қарсаңында Нұр-Сұлтанның «сақалды құрылыс» атанған проблемаларының біріне нүкте қойылды****, деп хабарлайды****Qazaqpress****ҚазАқапаратқа сілтеме жасап.**

Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов instagram парақшасында жазды.

> «Бұл құрылыс сегіз жылға созылған – «Жағалау-3» ТК, 30-блок. Үйдің өзі пайдалануға берілді. Қазір тұрғындарға көптен күткен пәтерлеріне тіркеуге тұруына, емханаларға, балаларын мектепке, балабақшаға және т.б. тіркеуіне мүмкіндік беретін техникалық паспорттары үлестіріліп жатыр. Тұрғын үй кешенінде алаяқтарға алданып қалған 600-ден астам отбасы бар. Үлескерлермен өткен алғашқы кездесуімізде ұзақ күткен пәтерлеріне қоныстана алатынына сенімсіздік танытқан еді. Алайда құрылысты аяқтау үшін жұмысымызды кезең-кезеңімен жүргіздік», — деп жазады қала басшысы.

Алтай Көлгінов түйткілді мәселелер көп болғанын, бұл үйдің қасбеті, инженерлік желілер (сумен жабдықтау, жылыту, кәріз желісі, электр энергиясы), кіреберістердің ішкі әрлеуі, лифтілер, құжаттардың толық тізбесінің болмауы, абаттандыру мәселелері шешілмегенін айтады.

> «Қазір проблеманың басым бөлігі шешілді, тек мамандар атқаратын кейбір техникалық жұмыстары ғана қалды», — дейді ол.

---

Жарияланды: 2020-12-27T12:52:40+06:00

Жаңартылды: 2020-12-27T12:52:40+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/27/nur-sultanda-aldanyp-qalghan-600-ge-tarta-uelesker-baspanaly-bolady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.