---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/26/qostanaj-oblysynda-iz-tuezsiz-zhoghalghan-oqwshy-tabyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қостанай облысында із-түзсіз жоғалған оқушы табылды

![Қостанай облысында із-түзсіз жоғалған оқушы табылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/201201165451904e.jpg)

**Қостанай облысында із-түзсіз жоғалған оқушы табылды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Эвелина Семенова 24 желтоқсан күні үйінен шығып кеткен. Ата-анасы қызынан хабар алмаған соң, полицияға жүгінді.

> «Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер оқушының тұрған жерін анықтады. Ол өзінің танысының үйінде болған. Қаланың ювеналды полициясының қызметкерлері профилактикалық әңгіме жүргізді, материалдар қала әкімдігінің комиссиясына берілетін болады. Оқушы бұған дейін үйінен кетпеген», делінген полицияның хабарламасында.

---

Жарияланды: 2020-12-26T16:35:10+06:00

Жаңартылды: 2020-12-26T16:35:10+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/26/qostanaj-oblysynda-iz-tuezsiz-zhoghalghan-oqwshy-tabyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.