Қазақстанның үш өңірі «қызыл» аймаққа кірді

Қазақстанның үш өңірі «қызыл» аймаққа кірді

Қазақстанның үш өңірі коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймаққа кірді, деп хабарлайды Qazaqpress ВАК-қа сілтеме жасап.

Ақпарат бойынша, Атырау облысы әлі де  «қызыл» аймақта. Оның қатарына бүгін Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстары қосылды.

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Солтүстік Қазақстан облысы. «Жасыл» аймақта — барлық қалған өңір.