---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/26/qazaqstanda-karantin-sharalaryn-odan-aeri-kueshejtw-twraly-zhanga-qawly-shyqty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстанда карантин шараларын одан әрі күшейту туралы жаңа қаулы шықты

![Қазақстанда карантин шараларын одан әрі күшейту туралы жаңа қаулы шықты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/54_main.jpg)

**ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің** **Қазақстан халқы арасында коронавирус инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды****Qazaqpress****ҚазАқпарат****қа сілтеме жасап.**

Жаңа қаулыға сәйкес, денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету, ошақта эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу, науқастардан және байланыста болған адамдардан сұрау және сауалнама алу кезінде аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге тыйым салынады. Сонымен қатар, қоғамдық тамақтану объектілерінде кальянды пайдалануға тыйым салынады.

Сондай-ақ, медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарда, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз етсін. Әлеуетті ата-аналар берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспаған, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты ұсынған кезде жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруға рұқсат етіледі.

---

Жарияланды: 2020-12-26T08:53:25+06:00

Жаңартылды: 2020-12-26T08:53:25+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/26/qazaqstanda-karantin-sharalaryn-odan-aeri-kueshejtw-twraly-zhanga-qawly-shyqty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.