---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/26/almatyda-tuengi-klwbqa-kireberiste-er-adam-qaza-tapty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда түнгі клубқа кіреберісте ер адам қаза тапты

![Алматыда түнгі клубқа кіреберісте ер адам қаза тапты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/ks3zewlk.jpg)

**Алматыда түнгі клубқа кіреберісте ер адам қаза тапты****, деп хабарлайды****Qazaqpress Tengrinews.kz****-ке сілтеме жасап.**

Оқиға 26 желтоқсанға қараған түні Алмалы ауданында түнгі клубқа кіреберісте болған.

> «Таныстар арасында болған жанжал салдарынан 1991 және 1992 жылғы екі ер адамға пышақ сұғылды. Зардап шеккендердің бірі, өкінішке қарай, оқиға болған жерде көз жұмды», — деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Ақпарат бойынша, 1985 жылы туған күдікті «ізін суытпай» ұсталған.

> «Үш ер адам бірге уақыт өткізгені анықталды. Ішімдік ішіп отырып туындаған сөзге келіспеушілік арты жанжалға ұласқан.
> 
> 
> 
> 
> Аталған факт ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қылмыстық істі Алматы қаласы ПД тергеу басқармасы жүргізед», — деп қорытындылады полиция өкілдері.

---

Жарияланды: 2020-12-26T09:09:28+06:00

Жаңартылды: 2020-12-26T09:09:28+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/26/almatyda-tuengi-klwbqa-kireberiste-er-adam-qaza-tapty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.