---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/26/200-myng-dollar-zhegen-burynghy-qazagro-direktoryna-10-zhyl-taghajyndaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# 200 мың доллар жеген бұрынғы «ҚазАгро» директорына 10 жыл тағайындалды

![200 мың доллар жеген бұрынғы «ҚазАгро» директорына 10 жыл тағайындалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/2020122521465316234_d6c0a9d6c988ae144dea8c973c8.jpg)

**25 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен «ҚазАгро» холдингінің бұрынғы басқарушы директоры – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма мүшесі А.А.Қамшымбаев кінәлі деп танылып, оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды,** **деп хабарлайды****Qazaqpress Zakon.kz****-ке сілтеме жасап.**

Ол Ақтөбе облысында орналасқан кепіл элеваторын сатып алу кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге тиесілі 200 000 АҚШ долларын ұрлауға және пара беруге итермелеуге әрекеттенген.

Осы үкіммен Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты А.И.Булатов жымқыруда сыбайлас деп танылып, оған 5 жылға шартты жаза тағайындалды.

Сонымен қатар, «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ қарыздарды өндіріп алу департаменті директорының орынбасары Б.Н.Рахимов заңсыз сыйақы алғаны үшін кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығы шектелді (бұрын тағайындалған «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын ескере отырып).

---

Жарияланды: 2020-12-26T03:09:22+06:00

Жаңартылды: 2020-12-26T03:09:22+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/26/200-myng-dollar-zhegen-burynghy-qazagro-direktoryna-10-zhyl-taghajyndaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.