---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/25/sqo-da-biyl-iz-tuezsiz-zhoghalghan-67-adam-tabyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# СҚО-да биыл із-түзсіз жоғалған 67 адам табылды

![СҚО-да биыл із-түзсіз жоғалған 67 адам табылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/201224204251716e.jpg)

**Солтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары биыл із-түзсіз жоғалған 67 адамды тапты, деп хабарлайды****Qazaqpress****ҚазАқпарат****қа сілтеме жасап.**

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, адамдардың хабар-ошарсыз кетуінің екі себебі бар. Ең біріншісі – маскүнемдік. Араққа салынған адам өзі сияқты спирттік ішімдік ішетіндерді жағалайды. Олар үшін отбасы, туған-туыс екінші орында.

> «Тағы бір жиі кездесетін сценарий – адамдар жақындарын ескертпей, табыс табуға кетеді. Бұл – жауапсыздық. Оны ата-анасы, туған-туыстары іздеп, алаңдайтынына мән бермейді», — дейді СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климов.
> 
> 
> 
> 
> «Із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру – криминалдық полиция жұмысының бір бағыты. Іздестіру іс-шарасына көп адам тартылады: жедел уәкілдер, волонтерлер ұйымдарымен бірлесе фактілерді тексереді. 11 айдың ішінде СҚО-да хабар-ошарсыз кеткен 90 адам іздестірілді. Оның 67-сінің жүрген жері анықталды», — дейді Петр Климов.

---

Жарияланды: 2020-12-25T06:45:21+06:00

Жаңартылды: 2020-12-25T06:45:21+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/25/sqo-da-biyl-iz-tuezsiz-zhoghalghan-67-adam-tabyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.