Щучинск балабақшасындағы видеодан кейін екі тәрбиеші жұмыстан босатылды
Щучинск балабақшасындағы видеодан кейін екі тәрбиеші жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Qazaqpress Ақмола облысының білім басқармасына сілтеме жасап.
Щучинскідегі «Ағажан» жекеменшік шағын орталығының ата-аналары балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа шағымданған.
«Қазіргі уақытта тексеріс жүргізу үшін Бурабай ауданының білім бөлімі комиссия құрды. Сонымен қатар, білім басқармасының өкілдері жіберілді. 24 желтоқсаннан бастап жеке шағын орталықтың тәрбиешілері Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес тәрбие функцияларын орындайтын қызметкердің осы жұмысты жалғастыруымен үйлеспейтін теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылды», — деді білім басқармасындағылар.