---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/25/qyzylorda-oblysynda-birqatar-shektewler-engiziledi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қызылорда облысында бірқатар шектеулер енгізіледі

![Қызылорда облысында бірқатар шектеулер енгізіледі](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/201225210040831e.jpg)

**Қ****ызылорда облысында 26 желтоқсан****күні****карантин жағдайына байланысты жаңа қаулы күшіне енеді, деп хабарлайды** **Qazaqpress****ҚазАқпарат****қа сілтеме жасап****.**

Бүгін Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №29 Қаулысы шықты. Қаулыға сәйкес, биылғы жылдың 26 желтоқсаны мен 2021 жылдың 5 қаңтарына дейін бірқатар шектеулер енгізілді.

> «Енді қоғамдық тамақтану, ойын-сауық, кәсіпорындарда, мекемелер мен кеңселерде ұжыммен ұйымдастырылатын Жаңа жылдық іс-шараларды, көпшілік жиналатын орындарда оның ішінде жабық үй-жайларда, жаңажылдық театрландырылған көпшілік қойылымдарды, аниматорлар мен қуыршақтар қызметіне, шоу-бағдарламаларды, концерттерді және бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады», — деп мәлім етті Қызылорда облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдарға Жаңа жыл мерекесін ұжымдық тойлаудан бас тарту ұсынылды.

> «Бұл карантин талабын сақтау үшін қабылданған шешім. Карантин талаптарын сақтамаған мемлекеттік қызметшілер жауапқа тартылатындығын ескертті», деп мәлім етті Қызылорда облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев.

---

Жарияланды: 2020-12-25T15:16:16+06:00

Жаңартылды: 2020-12-25T15:16:16+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/25/qyzylorda-oblysynda-birqatar-shektewler-engiziledi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.