---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/24/tuermede-transgenderdi-zorlaghan-uqk-qyzmetkerining-uekimi-kueshine-endi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Түрмеде трансгендерді зорлаған ҰҚК қызметкерінің үкімі күшіне енді

![Түрмеде трансгендерді зорлаған ҰҚК қызметкерінің үкімі күшіне енді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/1608808810_news1488794644.jpg)

**Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы қызметкері С.А.-ның аппеляциялық шағымын қанағаттандырмады, деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.**

Сот оны әйел-трансгендер Виктория Беркхожаеваны түрмеде зорлағаны, азаптағаны үшін соттаған.

Сот алқасы жәбірленуші мен оның адвокатының үкімді қатайту туралы өтінішін қанағаттандырмады.

Бұл іске қатысты сот шешімін 6 қазанда Іле аудандық соты шығарған. Сот ҰҚК-ның бұрынғы қызметкерін бес жарым жылға соттаған. Енді сот үкімі күшіне енді.

Сот алқасының бүгінгі отырысы онлайн-форматта өтті. Оған Алматы тергеу изоляторында отырған сотталушы С.A.қатысты. Алматы облысының Жауғашты қыстағында жазасын өтеп жүрген Виктория Беркхожаева сот отырысына қатыспады. Оның мүддесін сотта адвокат Айман Омарова қорғады.

---

Жарияланды: 2020-12-24T13:56:21+06:00

Жаңартылды: 2020-12-24T13:56:21+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/24/tuermede-transgenderdi-zorlaghan-uqk-qyzmetkerining-uekimi-kueshine-endi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.