Түрмеде трансгендерді зорлаған ҰҚК қызметкерінің үкімі күшіне енді

Түрмеде трансгендерді зорлаған ҰҚК қызметкерінің үкімі күшіне енді

Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы қызметкері С.А.-ның аппеляциялық шағымын қанағаттандырмады, деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Сот оны әйел-трансгендер Виктория Беркхожаеваны түрмеде зорлағаны, азаптағаны үшін соттаған.

Сот алқасы жәбірленуші мен оның адвокатының үкімді қатайту туралы өтінішін қанағаттандырмады.

Бұл іске қатысты сот шешімін 6 қазанда Іле аудандық соты шығарған. Сот ҰҚК-ның бұрынғы қызметкерін бес жарым жылға соттаған. Енді сот үкімі күшіне енді.

Сот алқасының бүгінгі отырысы онлайн-форматта өтті. Оған Алматы тергеу изоляторында отырған сотталушы С.A.қатысты. Алматы облысының Жауғашты қыстағында жазасын өтеп жүрген Виктория Беркхожаева сот отырысына қатыспады. Оның мүддесін сотта адвокат Айман Омарова қорғады.