---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/24/balabaqshadaghy-taerbieshining-oereskel-aereketi-videogha-tuesip-qalghan/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Балабақшадағы тәрбиешінің өрескел әрекеті видеоға түсіп қалған

![Балабақшадағы тәрбиешінің өрескел әрекеті видеоға түсіп қалған](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/2020122412421351536_2020122411483234793_whatsapp-image-2020.jpg)

**Ақмола облысы полиция қызметкерлері Бурабай ауданындағы****жас балаға қатыгездікпен қарау туралы қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлайды****Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.**

Әлеуметтік желіде Щучье қаласындағы шағын орталықтардың бірінен түсірілген [видео](https://www.instagram.com/p/CJKjfX3JvqO/) тарап жатыр, онда тәрбиеші жас бүлдіршінге қатыгездік танытқан.

> «Кәмелетке толмаған адамды қадағалауға міндетті білім беру мекемесі қызметкерінің әрекеттерін, сондай-ақ Щучье қаласының тұрғынынан келіп түскен өтінішті ескере отырып, полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі, «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілеріне сәйкес, сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады», — деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

Полицияның мәліметінше, осы баптың санкциясы 160 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл түрінде немесе сол мөлшерде, яғни 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, үш жылға немесе одан да көп уақытқа белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Тергеу әрекеттері жалғасуда.

---

Жарияланды: 2020-12-24T08:24:16+06:00

Жаңартылды: 2020-12-24T08:24:16+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Білім](https://qazaqpress.kz/category/bilim/), [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/24/balabaqshadaghy-taerbieshining-oereskel-aereketi-videogha-tuesip-qalghan/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.