---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/24/ashat-ajmaghambetov-ueshinshi-toqsandaghy-oqytw-twraly-sheshimdi-tuesindirdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Асхат Аймағамбетов үшінші тоқсандағы оқыту туралы шешімді түсіндірді

![Асхат Аймағамбетов үшінші тоқсандағы оқыту туралы шешімді түсіндірді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/12.jpg)

**Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық оқушылардың үшінші тоқсандағы оқуы туралы шешімді түсіндірді, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

> — Бұл өте маңызды шешім. Бұл мемлекеттік емтихан тапсыратын балаларға қатысты. Түлектерді айтып отырмыз. Олар үшін білім алу өте маңызды. Барлық бағдарламаның 70 пайызы дәстүрлі түрде, қалған 30 пайызы қашықтан оқытылады, — деп түсіндірді БҒМ басшысы.

Ол ҰБТ-ға қажетті пәндер мектепте оқылатынын түсіндірді. Қалғаны — қашықтан.

> — Санитар нормалар бойынша талаптар сақталады. Бір кабинет, әр түрлі қоңыраулар, әлеуметтік қашықтық. Санитар талаптар бұрынғыдай қалады. Өзгерістер жоқ. Біз Білім министрлігі ретінде балалардың дәстүрлі форматта білім алғанын қолдаймыз. Бірақ санитарлық норма және басқа мемлекеттік органдардың құзыретіндегі мәселелер бар, — деді Аймағамбетов.

Бұған дейін Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы барысында қазақстандық оқушылар үшінші тоқсанда пәндердің 70 пайызын мектепте, 30 пайызын қашықтан оқитыны белгілі болған.

---

Жарияланды: 2020-12-24T15:34:27+06:00

Жаңартылды: 2020-12-24T15:34:27+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Білім](https://qazaqpress.kz/category/bilim/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/24/ashat-ajmaghambetov-ueshinshi-toqsandaghy-oqytw-twraly-sheshimdi-tuesindirdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.