---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/23/toqaev-zhogharghy-sot-toeraghasy-zhaqyp-asanovty-qabyldady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

![Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/4be4988aa8a4c8c1ca296e9cde6accaa-scaled.jpg)

**Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, деп хабарлайды Qazaqpress Akorda.kz-ке сілтеме жасап.**

Мемлекет басшысына алдағы сот реформасының негізгі бағыттары, әкімшілік әділет механизмін енгізуге дайындық жұмыстары, сондай-ақ, сот өндірісінде қолданылатын ІТ әзірлемелер жайында баяндалды.

Жақып Асанов сот жүйесін 2021 жылдың шілде айынан бастап күшіне енетін жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне дайындау барысы туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір сот заң үстемдігін қамтамасыз етудегі өзінің рөлін терең түсінуі керек екеніне баса мән берді. Мемлекет басшысының пікірінше, бұл азаматтардың құқығы мен еркіндігін қорғау, қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру, кәсіпкерлікті және тұтас экономиканы дамыту бойынша маңызды міндет.

Қазақстан Президенті соттардың кәсібилігі мен адалдығы ең басты құндылық болуы керек екенін атап өтті. Себебі алдағы уақытта іске асатын реформаның табысты болуы осыған тікелей байланысты.

---

Жарияланды: 2020-12-23T12:44:51+06:00

Жаңартылды: 2020-12-23T12:44:51+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/23/toqaev-zhogharghy-sot-toeraghasy-zhaqyp-asanovty-qabyldady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.