---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/23/qyzylordada-mas-zhuergizwshi-7-zhyl-koelik-basqarw-quqyghynan-ajyryldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қызылордада мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды

![Қызылордада мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/masan-kwjde-zhwrgizgen-kaz.jpg)

**34 жастағы қызылордалық азамат көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін 7 жылға көлік басқару құқығынан  айырылды, деп хабарлайды****Qazaqpress****Polisia.kz****-ке сілтеме жасап.**

Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қызмет атқару барысында Қызылорда қаласы Жаппасбай батыр көшесінің бойында «Kia Rio» автокөлігін тоқтатқан болатын.

Құжаттарын тексеру барысында жүргізушінің автокөлікті алкогольдік мас күйде басқарғаны анықталды.

Жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік хаттама ресімделіп, материалдар сотқа жолданды.

Қызылорда қаласы Мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды.

---

Жарияланды: 2020-12-23T07:28:16+06:00

Жаңартылды: 2020-12-23T07:28:16+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/23/qyzylordada-mas-zhuergizwshi-7-zhyl-koelik-basqarw-quqyghynan-ajyryldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.