---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/23/oeskemende-oert-shyqqan-koepqabatty-uejden-40-adam-evakwaciyalandy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Өскеменде өрт шыққан көпқабатты үйден 40 адам эвакуацияланды

![Өскеменде өрт шыққан көпқабатты үйден 40 адам эвакуацияланды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/201223173425807a3733391i.jpg)

**Өскемен қаласында өртенген көпқабатты үйден 40 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды****Qazaqpress****ҚазАқпарат****қа сілтеме жасап****.**

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 23 желтоқсан күні сағат 14.28-де Қазақстан көшесіндегі 12 қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер электр кабелін және 2-8 қабаттар аралығындағы электр есептегіштерді жалын шарпығанын көрді.

> «Құтқарушылар келгенше электр қуатын өздігінен өшірмек болған 1988 жылғы ер адамның қолын күйік шалды. Ол бірден ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ 6 тұрғын, оның ішінде 4 бала құтқарылған», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Бұдан бөлек, түтін тұмшалаған подъезден 40 адам эвакуацияланды. Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан 35 адам мен 9 техника жұмылдырылған. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

---

Жарияланды: 2020-12-23T11:43:57+06:00

Жаңартылды: 2020-12-23T11:43:57+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/23/oeskemende-oert-shyqqan-koepqabatty-uejden-40-adam-evakwaciyalandy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.