---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/23/nur-sultanda-zhappaj-toebelesten-eki-adam-qaza-tapty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Нұр-Сұлтанда жаппай төбелестен екі адам қаза тапты

![Нұр-Сұлтанда жаппай төбелестен екі адам қаза тапты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/photo-310180-1.jpeg)

**Нұр-Сұлтанда жаппай төбелестен екі ер адам қаза тапты, деп хабарлайды****Qazaqpress Tengrinews.kz****-ке сілтеме жасап. **

> «22 желтоқсанда сағат 23.30-да «102» нөміріне «Бетон зауытының» аумағында жаппай төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына полиция барған. Төбелес салдарынан ауруханаға екі ер адам жеткізілді, біреуі кеуде жарақатымен, екіншісінің іш қуысына пышақ тиген. Олар алған жарақаттарынан қайтыс болды», — деді полициядағылар.

Олар Қызылорда облысының 39 және 44 жастағы тумалары екені анықталды. Кейінірек ауруханаға төбелеске қатысқан 24 жастағы жігіт оқ жарақатымен жеткізілді.

Полиция мәліметінше, төбелеске қарыз себеп болған.

> «Оқиғаның барлық қатысушысы — 11 адам анықталып, ұсталды. Заттай дәлелдемелер алынды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — делінген полицияның хабарламасында.

---

Жарияланды: 2020-12-23T10:00:47+06:00

Жаңартылды: 2020-12-23T10:00:47+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/23/nur-sultanda-zhappaj-toebelesten-eki-adam-qaza-tapty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.