---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/23/kuediktimen-selfige-tueskeni-ueshin-policiya-qyzmetkeri-zhumystan-bosatyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Күдіктімен селфиге түскені үшін полиция қызметкері жұмыстан босатылды

![Күдіктімен селфиге түскені үшін полиция қызметкері жұмыстан босатылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/2020122115425334789_2020122115284489045_2020122113032840000_.jpg)

**Әйел зорламақ болған күдіктіні ұстап, онымен селфиге түскен шымкенттік полиция қызметкері жұмысынан босатылды, деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.**

Шымкент қалалық ПД қызметтік тексеру жүргізіп, өз қызметкерінің ауыр қылмысқа күдіктімен суретке түскенін анықтады.

Департамент басшылығы учаскелік полиция инспекторының бұл әрекетін офицер үшін орынсыз деп тапты.

> — Қызметтік тексеру нәтижесінде тәртіптік комиссияның шешімімен аталған қызметкер қызметтік тәртіпті бұзғаны, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтамағаны үшін қызметінен босатылды, — делінген Шымкент қалалық полиция хабарламасында.

Айта кетсек, полиция қызметкері Шымкентте әйелді зорламақ болған күдіктімен селфиге түскен.

 

 

 

---

Жарияланды: 2020-12-22T18:55:30+06:00

Жаңартылды: 2020-12-22T18:55:30+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/23/kuediktimen-selfige-tueskeni-ueshin-policiya-qyzmetkeri-zhumystan-bosatyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.