---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/23/almatydaghy-iim-akademiyasynyng-basshysy-qyzmetinen-bosatyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыдағы ІІМ академиясының басшысы қызметінен босатылды

![Алматыдағы ІІМ академиясының басшысы қызметінен босатылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/2020122312452384596_2020122312403019472_img_7567-1.jpg)

**Алматыдағы Мақан Есболатов атындағы Ішкі істер министрлігі академиясының курсанты Саламат Өтегеновтің қайтыс болуына байланысты Алматы қалалық полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы, «Суицидке жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, оның барысында марқұмның туыстары келтірген барлық дәлелдер тексеріледі**, **деп хабарлайды****Qazaqpress Zakon.kz-****ке сілтеме жасап.**

Оқу орнына ішкі істер органдарының кадр саясаты және ішкі қауіпсіздік басқармаларының басшылығы мен жауапты қызметкерлері арасынан арнайы топ жіберілді. Тексеру нәтижелері бойынша Ішкі істер министрлігінде Тәртіптік комиссия өткізілді.

> — Ішкі істер министрінің бұйрығымен академия бастығы О.Х.Смайылов сеніп тапсырылған бөлімде жұмысты дұрыс ұйымдастырып, бақылауды қадағаламағаны үшін қызметінен босатылды.  
> Оның тәрбиелік, идеологиялық және кадрлық жұмыстарға жауапты орынбасарын да қызметінен босату ұсынылды. Сонымен қатар, Академияның тағы 16 аға қызметкері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, олардың бесеуі де қызметінен босатылды, — деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Академияның оқу үдерісі, тұрмыстық жағдайы, моральдық-психологиялық ахуалы, қаржылық-шаруашылық қызметі кіретін кешенді тексеру тағайындалды. Министрліктің ішкі аудит, кадр саясаты және ішкі қауіпсіздік департаменттерінің қызметкерлері білім беру мекемесіне жіберілді.

Министр Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша осындай тексерулер 2021 жылдың 1 тоқсанында Ішкі істер министрлігінің барлық оқу орындарында жүргізілетін болады.

---

Жарияланды: 2020-12-23T09:34:34+06:00

Жаңартылды: 2020-12-23T09:34:34+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/23/almatydaghy-iim-akademiyasynyng-basshysy-qyzmetinen-bosatyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.