---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/23/almaty-nash-awagha-oq-atqan-er-adam-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Алматы – наш»: ауаға оқ атқан ер адам ұсталды

![«Алматы – наш»: ауаға оқ атқан ер адам ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/2020122318421290096_bez-imeni.jpg)

**Полиция «Алматы – наш» деп ауаға оқ атқан адамды ұстады, деп хабарлайды****Qazaqpress****Tengrinews.kz-****ке сілтеме жасап.**

> «Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері парақшалардың бірінде жарияланған видеоға байланысты жедел түрде Қызылорда облысының тұрғыны 1996 жылы туған азамат М.-ны анықтап, ұстады», — деді полициядағылар.

Видео Розыбакиев көшесінде салынып жатқан нысандардың бірінің аумағында түсірілген. Құқық қорғаушылар ер адам осы нысанда сантехник болып жұмыс істейтінін және оның қолында травматикалық тапанша болғанын анықтады. Ол күдіктінің тұрғылықты жерінен табылып, тәркіленді.

> «Ұсталған адамның айтуынша, бұның себебі — әлеуметтік желілерде танымал болуға деген ұмтылыс. Бұл факт Қылмыстық кодекстің 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тергеу жүріп жатыр», — деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Думан Аухадиев.

Полиция осы оқиғаға байланысты видео жариялады, онда ұсталған ер адам әрекеті үшін кешірім сұраған.

> «Мен өз кінәмді мойындаймын, іс-әрекетімнің заңға қайшы келетінін білмедім, өз кінәмді мойындап, барлық қазақстандықтан кешірім сұрағым келеді. Мені кешіріңіздер», — деді ол.

Видеолар Instagram желісіндегі пабликтердің бірінде жарияланған. Бірінші видеода біреу «Алматы наш» деп айғайлап, ауаға оқ атады.

Екінші видео түнде түсірілген. Онда белгісіз жігіттің «Алматы наш» деп ауаға оқ атқанын көруге болады.

---

Жарияланды: 2020-12-23T12:53:29+06:00

Жаңартылды: 2020-12-23T12:53:29+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/23/almaty-nash-awagha-oq-atqan-er-adam-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.