---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/22/uekimet-zang-zhobalaw-zhumystarynyng-2021-zhylgha-arnalghan-zhosparyn-qarady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Үкімет заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспарын қарады

![Үкімет заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспарын қарады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/murz2203-4.jpg)

**ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспарының орындалу барысы және 2021 жылға арналған Жоспар жобасы қаралды****, деп хабарлайды****Qazaqpress Primeminister.kz****-ке сілтеме жасап.**

Әділет министрі Марат Бекетаев баяндама жасап, Үкіметтің 2020 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспары толық орындалғанын – 22 заң жобасы әзірленгенін хабарлады.

2021 жылға арналған жоспар 25 заң жобасын әзірлеуді көздейді, оның ішінде 6 заң жобасы Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауынан туындайды. Бұл сайлау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және биржалық сауданы дамыту мәселелері жөніндегі заң жобалары. 2021 жылдың жоспарына геодезия, биологиялық қауіпсіздік, әскери полиция және қоғамдық бақылау мәселелері бойынша 4 жаңа заң жобасы енгізілді.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Үкімет регламентіне әзірлеуші органдардың бірінші басшыларының заң жобаларын әзірлеу мен ұсынудың сапасы, уақытында берілуі үшін дербес жауапкершілігі туралы тиісті түзетулер енгізілді.

> «Министрлер заң жобаларының сапалы дайындалуын және олардың Үкімет пен Парламентке уақытылы ұсынылуын қатаң бақылауды қамтамасыз етуі қажет», — деді А. Мамин.

---

Жарияланды: 2020-12-22T06:32:11+06:00

Жаңартылды: 2020-12-22T06:32:11+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/22/uekimet-zang-zhobalaw-zhumystarynyng-2021-zhylgha-arnalghan-zhosparyn-qarady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.