---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/22/qonaquejdegi-bala-oelimi-ulybritaniyalyqqa-qatysty-sot-uekimi-shyqty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қонақүйдегі бала өлімі: ұлыбританиялыққа қатысты сот үкімі шықты

![Қонақүйдегі бала өлімі: ұлыбританиялыққа қатысты сот үкімі шықты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/photo_76032.jpeg)

**Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында InterContinental қонақүйінде өзінің бір жарым жасар қызын өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.  **

Ұлыбританияның 42 жастағы азаматы Баракат Мохамед қонақүйде қызын өлтіргені үшін айыпты деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, қылмыстық процесс онлайн форматта өтті.

Істі судья Бақытжан Бәкірбаев қарады. Сотталушы Мохамед Баракат адвокатпен бірге тергеу изоляторының ғимаратынан Zoom бағдарламасы арқылы сот отырысына қатысты. Сондай-ақ, отырысқа аудармашы және жәбірленуші тараптың өкілдері қатысты.

Бұдан басқа, бұл отырысқа Баракаттың әпкелері қатысты.

Еске салайық, 2019 жылдың қазанында Алматыдағы InterContinental қонақүйінде бала өлімі туралы хабарланған еді. Баланы өлтірді деген күдікпен ұлыбританиялық Мохамед Баракат ұсталған болатын.

---

Жарияланды: 2020-12-22T08:16:05+06:00

Жаңартылды: 2020-12-22T08:16:05+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/22/qonaquejdegi-bala-oelimi-ulybritaniyalyqqa-qatysty-sot-uekimi-shyqty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.