---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/22/ajzat-moldaghasymova-almatydaghy-emhanalardyng-birin-basqaratyn-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Айзат Молдағасымова Алматыдағы емханалардың бірін басқаратын болды

![Айзат Молдағасымова Алматыдағы емханалардың бірін басқаратын болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/photo_76045.png)

**Айзат Молдағасымова тағы да жаңа басшылық лауазымға ие болды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Алматының бұрынғы бас санитар дәрігері енді қалалық емханалардың бірін басқарады.

Қазіргі таңда Молдағасымова Алматыдағы №27 қалалық емхананың бас дәрігері қызметінде. Бұл мәлімет медициналық мекеменің сайтында пайда болды. Алайда Айзат Молдағасымова бұл лауазымға қашан тағайындалғаны айтылмады.

Еске салайық, мұның алдында Молдағасымова Жұматов атындағы  Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы директоры қызметінен босатылған болатын. Мұнда ол 2020 жылдың маусымынан қыркүйекке дейін жұмыс істеген едіі. Оның жұмыстан босатылуына медициналық мекеме қызметкерлерінің Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұжымдық өтініші себеп болды.

Айзат Молдағасымова 1971 жылы дүниеге келген. Мамандығы — гигиенашы және заңгер. Еңбек жолын 1995 жылы Алматы санэпидстанциясының санитарлық дәрігері қызметінен бастады. Әр жылдары Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің басқармалары мен департаменттерінде басшылық қызметтерді атқарды.

---

Жарияланды: 2020-12-22T10:24:01+06:00

Жаңартылды: 2020-12-22T10:24:01+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/22/ajzat-moldaghasymova-almatydaghy-emhanalardyng-birin-basqaratyn-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.