---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/21/zheti-oblys-turghyndaryna-alys-sapardan-bas-tartwgha-kenges-berildi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жеті облыс тұрғындарына алыс сапардан бас тартуға кеңес берілді

![Жеті облыс тұрғындарына алыс сапардан бас тартуға кеңес берілді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/5e51eb331235a088651372.jpg)

**Ішкі істер министрлігі ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындарына алыс сапарлардан бас тартуға кеңес береді, деп хабарлайды Qazaqpress министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.**

> — Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар автомобиль жолында автокөлік қозғалысына (қалың қар, бұрқасын, көрінуді шектеу) шектеулер енгізілді. Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасы 20 градустан төмен болады деп болжанады.
> 
> 
> 
> 
> ІІМ осы өңірлердің тұрғындарына автожолдар бойынша жол жүруден бас тартуды және ауа райы мен жолдардың жай-күйі туралы хабарламаларды бақылауды ұсынады, — делінген хабарламада.

Осыған байланысты полицейлер жүргізушілерді өте сақ болуға шақырады.

---

Жарияланды: 2020-12-21T13:20:28+06:00

Жаңартылды: 2020-12-21T13:20:28+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/21/zheti-oblys-turghyndaryna-alys-sapardan-bas-tartwgha-kenges-berildi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.